"Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 7 қарашадағы № 397 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Комиссия төрағадан, оның орынбасарынан, хатшыдан, Комиссияның мүшелерінен, Комиссияның сарапшыларынан тұрады.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Комиссияның міндеттері, функциялары және құқықтары";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Комиссияның негізгі міндеттері Қазақстан Республикасындағы цифрландыру, инновациялық технологиялар және байланыс саласы мәселелері бойынша ұсыныстарды тұжырымдау, сондай-ақ олардың іске асырылуын мониторингтеу болып табылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру";

      13-тармақта:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Комиссия төрағасының атына күн тәртібін енгізеді;";

      5) тармақша алып тасталсын;

      14-тармақтың 1) және 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ашық отырыстар қажеттігіне қарай Комиссия мүшелерінің және Комиссия сарапшыларының қатысуымен өткізіледі;

      2) жабық отырыстар қажеттігіне қарай және тоқсанына бір реттен сиретпей, Комиссия мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.";

      15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Комиссия төрағасы Комиссия отырысы өткізілетін күнді айқындайды және күн тәртібін Комиссияның жұмыс органына материалдар ұсыну үшін мемлекеттік органдарға жібереді.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Комиссияның отырысы аяқталғаннан кейін жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде Комиссия отырысы хаттамасының жобасын дайындайды. Комиссия хаттамасының көшірмелері Комиссияның барлық мүшесіне, мүдделі мемлекеттік органдарға және тұлғаларға жіберіледі.";

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Комиссияның сарапшылары Комиссияның ашық отырыстарына хатшының шақыруы бойынша қатысады.";

      26-тармақ алып тасталсын;

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2023 жылғы 7 қарашадағы
№ 397 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2018 жылғы 10 қаңтардағы
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, хатшы

Комиссия мүшелері:

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

      Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы

      Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің) төрағасы

      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

      Қазақстан Республикасының Әділет министрі

      Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

      Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

      Қазақстан Республикасының Көлік министрі

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі

      Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі

      Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі

      Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

      Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі

      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі

      Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі

      Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі

      Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрі

      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

      "Астана" халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)

      "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

сарапшылар:

      Ахметов Қайрат Бакибайұлы - "Көркем Телеком" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Әбдуәлиев Әсет Қуандықұлы - "Silkroad Innovation Hub" компаниясының бас атқарушы директоры (келісім бойынша)

      Бәйменов Әлихан Мұхамедияұлы - Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитетінің төрағасы (келісім бойынша)

      Боқаев Бауыржан Нұрланұлы - Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры (келісім бойынша)

      Бутумбаев Серік Батырханұлы - "Helios soft" (Favorit) жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Датбаев Әлібек Амангелдіұлы - "Booking.com" тобының аға әзірлеушісі және басшысы (келісім бойынша)

      Дос Бақытжан Ерланұлы - "Goat.AI" компаниясының бас директоры және негізін бірлесіп қалаушы (келісім бойынша)

      Есекеев Қуанышбек Бақытбекұлы - "Қазақтелеком" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Канафин Байжан Болатбекұлы - "Documentolog" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Лещенко Сергей Владимирович - "Microsoft" компаниясының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы өңірі бойынша бас директоры (келісім бойынша)

      Ломтадзе Михаил Нугзарович - "Kaspi Bank" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      Мәдиев Жаслан Хасенұлы - "Віпапсе Kazakhstan" компаниясының бас менеджері (келісім бойынша)

      Мухоряпов Рамиль Радикович - "Chocofamily Holding" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқаушы кеңесінің төрағасы (келісім бойынша)

      Сабыржан Арай - "Google" компаниясының инженер-бағдарламашысы (келісім бойынша)

      Төлебаев Дәурен Оңғарбекұлы - "Kazdream Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы (келісім бойынша)

      Турлов Тимур Русланович - "Freedom Holding Corp." компаниясының бас директоры (келісім бойынша)

      Фабрицио Пессина - "BCG Platinion" компаниясының Еуропа, Таяу Шығыс және Латын Америкасы өңірлері бойынша аға серіктесі және бас операциялық директоры (келісім бойынша)

      Шаяхметова Үміт Болатханқызы - "Қазақстан Халық банкі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)