Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Ұлттық валюта - Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 804 Жарлығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ұлттық валюта – Қазақстан теңгесі банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Банкноттар дизайнының қосымша элементтері:
1) сериялық нөмірі және дизайнының бекітілген жылы;
2) төрағалығы кезінде банкноттардың дизайны бекітілген Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының қолы;
3) банкноттарды қолдан жасау үшін жауаптылық туралы жазба.
Соғылған жылы монеталар дизайнының қосымша элементі болып табылады.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |