ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қоса беріліп отырған Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
3-тармақтың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) мыналардың:
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелерін қарау;";
4-тармақтың 2-2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-2) мыналардың:
өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындап жүрген қызметтегі судьялардың, Парламент депутаттарының, тұрақты негізде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттік саяси қызметшілердің, халықаралық қызметшілердің;
өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан халықаралық қызметшілердің, судьялардың;
Ұлттық комиссия шешім қабылдаған кезде қолданыста болатын Мемлекеттік саяси және әкiмшілiк қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес лауазымдары мемлекеттік саяси лауазымдарға жатқызылған жағдайда, өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқандарды қоспағанда, өз өкілеттіктерін кемінде алты ай орындаған және оларды тоқтатқан мемлекеттік саяси қызметшілердің;
халықаралық, шетелдік немесе трансұлттық ұйымдарда, шетелдік мемлекеттік құрылымдарда кемінде соңғы бес жыл жұмыс өтілі бар адамдардың;
мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар және Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарында докторантура (PhD, бейіні бойынша доктор) бағдарламалары бойынша оқуын аяқтаған адамдардың;
Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдардың "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына конкурстық іріктеу өткізілместен орналасуы мәселелері бойынша шешімдер қабылдау;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы туралы үлгілік ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және кадр саясатын іске асыру мақсатында құрылады.";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Комиссияның міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның (бұдан әрі – Ұлттық комиссия) шешімдерін іске асыру;
2) кадр саясатын қалыптастыру бойынша ұсыныстарды тұжырымдау және Ұлттық комиссияға енгізу;
3) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін (бұдан әрі – өңірлік резерв) қалыптастыру бойынша жұмысты жалпы үйлестіру;
4) өңірлік резервке алу және одан шығару туралы мәселелерді шешу болып табылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Комиссияға оның міндеттеріне сәйкес мынадай функциялар жүктеледі:
1) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпаратты мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан сұрату және алу;
2) отырыстарда комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшылары мен өкілдерін тыңдау;
3) комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау;
4) шешімдерді мемлекеттік органдардың, ұйымдардың басшыларына жіберу;
5) комиссияның құзыретіне жататын мәселелерді қарауға мемлекеттік органдардың, ведомстволар мен ұйымдардың лауазымды адамдары мен мамандарын қажеттілігіне қарай тарту;
6) комиссияның отырысына комиссияның мүшесі болып табылмайтын лауазымды және өзге де адамдарды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін шақыру;
7) Ұлттық комиссияға комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша тапсырмалар мен нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
8) өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау;
9) адамды өңірлік резервтен шығару туралы мәселені қарау;
10) мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша әрбір нақты іріктеу үшін облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту басымдықтарын ескере отырып, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін, өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды бекіту;
11) комиссияға жүктелген міндеттерді жүзеге асыруға қажетті, Қазақстан Республикасының Президенті белгілеген және Ұлттық комиссияның шешімдерінде белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Жұмыс органы комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссияның жұмыс жоспарларының жобаларын, отырыстарының күн тәртібін және оның жұмысын ұйымдастыруға қажетті өзге де материалдарды дайындауды қамтамасыз етеді, оларды комиссияның қарауына ұсынады, өңірлік резервке алынған адамдардың мемлекеттік қызметті өткеруіне мониторинг жүргізеді.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясының үлгілік лауазымдық құрамында:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық органының басшысы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің аумақтық бөлімшесінің басшысы, комиссия төрағасының орынбасары";
2) "Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар кадр резерві жөніндегі ұлттық комиссияның құрамында:
"Қазақстан Республикасы Президентінің саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі, комиссия мүшесі" деген жол алып тасталсын.
3. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 255 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау ҚАҒИДАЛАРЫ
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін қалыптастыру және одан тағайындау қағидалары (бұдан əрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 3-2-тармағына сәйкес әзірленді және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өңірлік кадр резервін (бұдан әрі – өңірлік резерв) қалыптастырудың және одан тағайындаудың тәртібін айқындайды.
2. Іріктеуді Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кадр комиссиясы (бұдан әрі – комиссия) жүзеге асырады.
Өңірлік резерв әрбір облыста, республикалық маңызы бар қалада және астанада қалыптастырылады.
3. Әрбір нақты іріктеу үшін облыстағы, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды және мемлекеттік басқару жүйесін дамыту басымдықтарын ескере отырып, іріктеу кезеңдерін өткізу мерзімдерін, өңірлік резервке алынатын кандидаттардың санын, салалық бағыттарды комиссия мемлекеттік қызмет саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша айқындайды.
4. Өңірлік резервке іріктеуге отыз бес жастан аспаған, жоғары білімі жəне үш жылдан кем емес еңбек өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.
5. Қазақстан Республикасының Президенті тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар өңірлік резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.
2-тарау. Өңірлік резервке іріктеу
6. Өңірлік резервке іріктеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) кандидаттардың құжаттарын қабылдау;
2) заңнаманы білуге тестілеу және жеке қасиеттерін бағалау;
3) уәкілетті орган жүргізетін құзыреттерді бағалау;
4) комиссиядағы құрылымдық сұхбат (бұдан әрі – құрылымдық сұхбат);
5) комиссияның отырысында өңірлік резервке алуға ұсынылған кандидатураларды қарау.
Өңірлік резервке іріктеу кезеңдері "Е-қызмет" интеграцияланған ақпараттық жүйесі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
7. Өңірлік резервке іріктеуді жүргізу туралы хабарландыру уәкілетті органның, оның аумақтық бөлімшелерінің, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері аппараттарының интернет-ресурстарында, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде өңірлік резервке іріктеуге қатысуға кандидаттардың құжаттарын қабылдау басталардан 15 бес жұмыс күні бұрын жарияланады.
Хабарландыру өңірлік резервке іріктеу тәртібі, құжаттарды қабылдау мерзімдері туралы ақпаратты қамтиды.
8. Өңірлік резервке іріктеуге қатысуды қалайтын азаматтар уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қағаз жеткізгіште не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қазақстан Республикасы жеке куәлігінің не паспортының көшірмесі;
2) өтініш;
3) бiлiмi туралы құжаттардың және оларға қосымшалардың көшiрмелерi;
4) соңғы жұмыс орны бойынша кадр қызметі куәландырған, еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
9. Кандидат құжаттарды тапсыру кезінде осы Қағидалармен танысады және оны қатаң сақтауға, сондай-ақ дербес деректерді жинау мен өңдеуге өз келісімін береді.
10. Іріктеудің әрбір кезеңінің қорытындысы бойынша ең жоғары нәтижелерге жеткен кандидаттар өңірлік резервке іріктеудің келесі кезеңіне жіберіледі.
Өңірлік резервке іріктеудің әрбір келесі кезеңіне жіберілетін кандидаттардың шекті санын комиссия әрбір кезеңнің нәтижелері негізінде айқындайды.
Бірнеше кандидатта нәтижелер тең болған кезде іріктеудің келесі кезеңіне комиссия айқындаған саннан асатын кандидаттар саны жіберілуі мүмкін.
11. Құрылымдық сұхбатты жүргізуге дайындық кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі кандидаттар туралы мəліметтерді, оның ішінде тиісті мемлекеттік органдардан сұратылатын мəліметтерді, сондай-ақ кандидаттардың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкестігін қарайды.
12. Өңірлік резервке іріктеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін құрылымдық сұхбат жүргізу кезеңінде қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, бизнес-қоғамдастықтардың өкілдері мен салалық сарапшылар тартылуы мүмкін.
Комиссия құрылымдық сұхбаттың қорытындылары бойынша кандидаттарды өңірлік резервке екі жыл мерзімге алу туралы шешім шығарады.
13. Іріктеуге қатыстырудан бас тартудың және оның кез келген кезеңінен шығарудың негізі мыналар:
1) кандидаттың осы Қағидаларды сақтамауы;
2) анық емес ақпаратты және құжаттарды ұсынуы;
3) кандидаттардың "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының талаптарына сəйкес еместігі болып табылады.
3-тарау. Өңірлік резервтен тағайындау
14. Өңірлік резервке алынған адамдар сайланатын лауазымдарды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдардағы "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (бұдан әрі – "Б" корпусының лауазымдары) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және шарттарда орналаса алады.
15. Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органы басшысының бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізілместен, өңірлік резервтен тағайындау үшін осы мемлекеттік лауазымға азаматтарды тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген адам уәкілеті органға өңірлік резервке алынған адамның өтінішін және қызметтік тізімін қоса бере отырып, ұсыну енгізеді.
16. Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген лауазымды қоспағанда, "Б" корпусының бос лауазымына конкурстық іріктеу өткізілместен, өңірлік резервтен тағайындау үшін осы мемлекеттік лауазымға азаматтарды тағайындау құқығы бар лауазымды адам (орган) не ол уәкілеттік берген адам уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне өңірлік резервке алынған адамның өтінішін және қызметтік тізімін қоса бере отырып, ұсыну енгізеді.
17. Өңірлік резервке алынған адам келіскен кезде оны басқа өңірлерге тағайындауға жол беріледі. Көрсетілген жағдайда тағайындау туралы актіні өңірлік резервке алынған адам тағайындалатын жердегі мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар адам уәкілетті органның келісімімен қабылдайды.
4-тарау. Өңірлік резервтен шығару
18. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тиісті ұсыныстарды ұсынған кезде комиссия адамдарды мынадай жағдайларда:
1) өз қалауы бойынша;
2) Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтқанда;
3) шет мемлекеттің азаматтығы болғанда;
4) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағанда;
5) қызметінің тиімділігін бағалау негізінде лауазымы төмендетілгенде не одан шығарылғанда;
6) қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылғанда;
7) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағанда;
8) өңірлік резервте болу кезеңінде қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағанда не қылмыс немесе қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылғанда;
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқанда;
10) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп танығанда;
11) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес теріс себептер бойынша жұмыстан шығарылғанда не еңбек шарты Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 52-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 13), 14), 15) және 17) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзылғанда өңірлік резервтен шығаруды жүзеге асырады.