"Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 221 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингі және оның қорытындылары бойынша арнайы сыйлық беру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 590 Жарлығына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің нәтижелері бойынша арнайы сыйлық беру қағидаларында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Ұйымдастырушы жыл сайын 20 маусымнан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне өткізілген рейтингтің нәтижелері бойынша материалдарды ұсынады.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша өңірлер мен қалалар рейтингінің қорытындыларын шығару жөніндегі комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік ететін орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары, Комиссия төрағасының орынбасары".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев