"Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қарашадағы № 1077 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия кұру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы № 621 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:

      "Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі";

      "Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі";

      2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасында цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      9-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. "Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс" ұлттық жобасына өзгерістер енгізу үшін ұсыныстар ұсынады.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев