Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қарашадағы № 1076 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін наградталсын:

II дәрежелі "Барыс" орденімен

Ищанов Қайрат Қыдырбайұлы

–

еңбек ардагері, Атырау қаласы;

"Парасат" орденімен

Сабуров Едіге

–

"Атыраугидрогеология" ЖШС ғылыми кеңесшісі, Атырау қаласы;

"Құрмет" орденімен

Қонысов Марат Нұрышұлы

–

"Атырау облыстық кардиологиялық орталығы" КМК директоры, Атырау қаласы;

III дәрежелі "Еңбек Даңқы" орденімен

Сәтмағамбетов Сафи Қаниұлы

–

"Ембімұнайгаз" АҚ "Доссормұнайгаз" МГӨБ операторы, Атырау қаласы;

"Ерен еңбегі үшін" медалімен

Жәмиев Жәнібек Жантұрсынұлы

–

Атырау облысы Д. Нұрпейісова атындағы академиялық оркестрдің домбырашысы.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев