ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттік берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
кестенің "2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
жиырма сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Энергетика министрі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Сауда және интеграция министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы";
кестенің "3. Сыртқы саясат және сыртқы экономика салаларындағы мәліметтер" деген бөлімінің 1-бағанында:
төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Сыртқы істер министрі, Энергетика министрі, Экология, геология және табиғи ресурстар министрі, Сауда және интеграция министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Қорғаныс министрі, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі, Ұлттық экономика министрі, Қаржы министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы";
жетінші және сегізінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
"Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы
Қорғаныс министрі, Ұлттық экономика министрі, Энергетика министрі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикас Президенті |
Қ.Тоқаев |