"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 тамыздағы № 990 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Республикалық комиссияның міндеттері";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Республикалық комиссияның ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Республикалық комиссия қызметінің тоқтатылу тәртібі";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның құрамында:

      "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ