"Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 971 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылау мен қадағалауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Жарлығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 14) тармақшамен толықтырылсын:

      "14) Қазақстан Республикасы жер заңнамасының сақталуына тексерулер және профилактикалық бақылауды барып жүргізу.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев