Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасында әдебиеттің жас қайраткерлерін мемлекеттік қолдауды жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлық тағайындау қағидаларын бекітсін;
2) Қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін Президенттік арнаулы әдеби сыйлыққа ұсынылатын адамдардың дербес құрамын жылына бір рет бекітуге ұсынсын.
3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
4. Осы Жарлық 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |