Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 6-бабының 1-тармағына, 31-бабының 2, 8-тармақтарына, 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 5), 7), 8), 10), 11), 12) тармақшаларына, 3-тармағының 2) тармақшасына, 4, 5-тармақтарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Мыналар таратылсын:
Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының № 2 аудандық соты;
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының № 2 аудандық соты;
Қарағанды облысы Абай ауданының № 2 аудандық соты;
Қостанай облысы Қарасу ауданының № 2 аудандық соты;
Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
Павлодар облысының Павлодар аудандық соты;
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының № 2 аудандық соты;
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық соты;
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 2 аудандық соты;
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының № 3 аудандық соты;
Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының № 2 аудандық соты;
Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауданының № 2 аудандық соты;
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының № 2 аудандық соты.
2. Судья қызметіне тағайындалсын:
Алматы қаласы бойынша:
Түрксіб аудандық сотына | Оспанбеков Асқар Кенжебекұлы; |
Шымкент қаласы бойынша:
қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына | Түсіпов Серғали Қалбайұлы; |
Ақмола облысы бойынша:
Егіндікөл аудандық сотына |
Қасқырбаев Секербай Айтошұлы |
Ақтөбе облысы бойынша:
Ақтөбе гарнизонының әскери сотына | Қыдыралин Рүстем Қуандықұлы; |
Мұғалжар аудандық сотына | Қонаева Жарқынай Амангелдіқызы осы облыстың Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Мұқанов Аслан Әбілғазыұлы осы облыстың Мұғалжар ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Алматы облысы бойынша:
Панфилов аудандық сотына | Өтеуәлиев Ғани Сатылғанұлы; |
Іле аудандық сотына | Бекбауова Назым Сембекқызы Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Атырау облысы бойынша:
Атырау қалалық сотына | Сариев Данияр Қалыбайұлы осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Орал қаласының № 2 сотына | Ниязов Таймас Кеңесұлы осы облыстың Теректі ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Теректі аудандық сотына | Ниязғалиев Ибрагим Қабылұлы осы облыстың Теректі ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Жамбыл облысы бойынша:
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына | Байдәулетова Жанна Есболқызы осы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қарағанды облысы бойынша:
Абай аудандық сотына | Жаманғарина Ардақ Аманкешқызы осы облыстың Абай ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Оспанов Ерлан Советұы осы облыстың Абай ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Қостанай облысы бойынша:
Жангелді аудандық сотына | Сәулен Нұргүл Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қостанай аудандық сотына | Төлеев Айнар Боратұлы осы облыстың Қарасу ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Лисаков қалалық сотына | Кочубаев Асылхан Болатұлы Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Рудный қалалық сотына | Жұмабаева Алтынай Сембайқызы Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы № 3 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Қызылорда облысы бойынша:
Сырдария аудандық сотына | Бралиев Дәурен Еркінұлы; |
Маңғыстау облысы бойынша:
Жаңаөзен қалалық сотына | Қалауова Кенжекүл Мамытбекқызы осы облыстың Жаңаөзен қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар облысы бойынша:
Екібастұз қалалық сотына | Нұрсұлтанова Дннара Қайыржанқызы осы облыстың Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; Серікпаев Елубай Мерденұлы осы облыстың Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар қалалық сотына | Жанғазина Ғалия Шаметқызы осы облыстың Павлодар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар қаласының мамандандырылған тергеу сотына | Марданов Серік Қамзеұлы осы облыстың Павлодар аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Павлодар қаласының № 2 сотына | Сайран Әсемқоңыр Сайранқызы осы облыстың Павлодар аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша:
Тайынша аудандық сотына | Әлнәзіров Қайрош Бейсекұлы осы облыстың Тайынша ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Түркістан облысы бойынша:
Арыс аудандық сотына | Әшенов Нұрдәулет Төлебайұлы; |
Келес аудандық сотына | Тұрымбекова Ажар Елбосынқызы; |
Сайрам аудандық сотына | Қарақұлов Ермек Жаңабайұлы осы облыстың Бәйдібек аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Сарыағаш ауданының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотына | Елшібаева Айнұр Ақылбекқызы; |
Шығыс Қазақстан облысы бойынша:
Алтай ауданының сотына | Байжүменова Әлия Амангелдіқызы осы облыстың Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Бородулиха аудандық сотына | Ахмеджанов Серікбосын Қалиханұлы осы облыстың Ұлан ауданы № 2 аудандық сотының төрағасы қызметінен босатыла отырып; |
Өскемен қалалық сотына | Байғұлина Ақнур Қайратқызы; Шәкенова Жанар Ермұханбетқызы осы облыстың мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы қызметінен босатыла отырып; |
Семей қалалық сотына | Көпбаев Шыңғыс Серікұлы. |
3. Атқаратын қызметінен босатылсын:
Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы | Бәрпібаев Тілектес Ешейұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Ақмола облыстық сотының судьясы | Ертаева Роза Мырзақұлқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Ақтөбе облыстық сотының судьясы | Ізтай Бағатай Жүсіпділлаұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Атырау облыстық сотының судьясы | Сүлейменова Сандуғаш Сейілханқызы қайтыс болуына байланысты; |
Қазақстан Республикасы Әскери сотының судьясы | Молышев Мақсат Қыйсамаденұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Қарағанды облыстық сотының судьялары | Андаров Орман Қабыкенұлы орнынан түсуіне байланысты; Жақыпов Жұматай Қадетұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша:
Есіл ауданы № 2 аудандық сотының судьясы | Дүйсембиев Қанат Қалжанұлы кәсіптік жарамсыздығына орай судьяның атқаратын лауазымына сай келмейтіні туралы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның шешімі бойынша; |
Алматы қаласы бойынша:
Алмалы ауданы № 2 аудандық сотының судьясы |
Досыбаева Сәуле Тілеубекқызы |
Әуезов аудандық сотының судьясы |
Сейдахметов Мақсат Қанымбекұлы |
Әуезов ауданы № 2 аудандық сотының судьясы |
Жиреншин Әбіш Қазбекұлы |
Бостандық ауданы № 2 аудандық сотының судьясы |
Құдабаев Теміржан Әкімбайұлы |
Шымкент қаласы бойынша:
Қаратау аудандық сотының судьясы | Әмірбеков Момбек Сейітжапарұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Ақмола облысы бойынша:
Қосшы қалалық сотының судьясы | Халмырзаев Мұрат Мәуленұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Батыс Қазақстан облысы бойынша:
Орал қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының судьясы | Сисенғали Марат Қуандықұлы зейнеткерлік жасқа толуына байланысты; |
Қарағанды облысы бойынша:
Қарағанды қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы | Бұлғақбаева Айгүл Құрмантайқызы қайтыс болуына байланысты; |
мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы | Құсбаева Индира Ахадқызы орнынан түсуіне байланысты; |
Қостанай облысы бойынша:
Қостанай қалалық сотының судьясы | Ерғалиев Алмаз Отарұлы орнынан түсуіне байланысты; |
Қызылорда облысы бойынша:
Шиелі аудандық сотының судьясы | Құрманбай Гүлнұр Құрманбайқызы соттың айыптау үкімінің заңды күшіне енуіне байланысты; |
Павлодар облысы бойынша:
Екібастұз қаласы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының төрағасы | Байсарин Бақтияр Болатұлы соттың таратылуына және басқа соттағы судьяның бос лауазымына орналасудан бас тартуына байланысты. |
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев