ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 01.06.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 82-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 3 ақпандағы №188 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшелері болып тағайындалсын:
Нұрбеков Айдын - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;
Маратұлы
Сисенова - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы;
Нұрия Оралжанқызы
Жакулин - Ақмола облыстық сотының судьясы;
Әскербек
Бейсембекұлы
Мырзалиев - Қостанай облысы Рудный қалалық сотының судьясы;
Жеңісбек Сәбетбекұлы
Цай - Қарағанды облысы Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
Олеся Юрьевна №2 аудандық сотының судьясы;
Шаров - Маңғыстау облысы қылмыстық істер жөніндегі
Ғафур Хамзеұлы мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы;
Қалишева - "М.С.Нәрікбаев атындағы ҚАЗГЗУ университеті"
Жаннетта Ғайсақызы АҚ Заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының
басшысы, заң ғылымдарының кандидаты (келісу бойынша);
аталған Кеңестің құрамынан: Н.Ө.Жолдасбеков, Ғ.А.Қайшыбеков, Б.Е.Карбенова, А.Ә.Көлбаева, С.С.Тілегенов шығарылсын;
жоғарыда аталған Жарлыққа 1-қосымшада:
"Қазақстан Республикасының Әділет министрі, мемлекеттік қызмет істері уәкілетті органының басшысы" деген сөздер алып тасталсын.
2. Осы Жарлық 2022 жылғы 1 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |