Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 19 шiлдедегi № 621 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қызмет бабында пайдалану үшін.

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы 19 шілдедегі
№ 621 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 1 сәуiрдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Сығанақ көшесі, 66.";

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 17-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "17-1) Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдіктерді және азаматтағы жоқ адамдарды Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне қосқан үлесі, сондай-ақ шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері арасындағы ынтымақтастықты нығайтқаны үшін көтермелейді;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) және 25-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "25-1) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары әскери қызметшілерінің санатына ауыстырылатын жағдайларды және тәртіпті айқындайды;

      25-2) ұлттық қауіпсіздік органының бөлімшесін басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызады;";

      мынадай мазмұндағы 58-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "58-1) құпия;";

      66) тармақша алып тасталсын;

      68-1) және 68-2) тармақшалар алып тасталсын;

      79) тармақша алып тасталсын;

      82) тармақша алып тасталсын;

      87-1) тармақша алып тасталсын;

      110) тармақша алып тасталсын;

      112) тармақша алып тасталсын;

      113) және 114) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "113) құпия;

      114) құпия;";

      мынадай мазмұндағы 117-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "117-1) құпия;";

      123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) құпия;";

      125-23) тармақша алып тасталсын;

      125-51), 125-52), 125-53), 125-54), 125-55), 125-56), 125-57), 125-58), 125-59) және 125-60) тармақшалар алып тасталсын;

      125-63) және 125-64) тармақшалар алып тасталсын;

      125-68) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 125-70) және 125-71) тармақшалармен толықтырылсын:

      "125-70) бюджеттiк өтiнiмдi дайындау тәртібін және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ішінде келісу мерзімдерін айқындайды;

      125-71) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің ақпараттық қауіпсіздігін, инженерлік-техникалық, арнаулы және физикалық қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды әзірлейді;".

      2. Құпия.

      3. "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегі, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарындағы әскери лауазымдар және оларға сәйкес әскери атақтар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 453қбп Жарлығына: ("Қызмет бабында пайдалану үшін" белгісі бар).

      4. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 954 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Үкіметтік байланыс қызметі туралы ережеде:

      (құпия).

      5. Құпия.

      6. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 18 қыркүйектегі № 163 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнің Сыртқы барлау қызметі туралы ережеде:

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. ҰҚК Сыртқы барлау қызметі осы Ереженің 14-тармағының 12) тармақшасын, 15-тармағының 3) және 16) тармақшаларын, 16-тармағының 8) тармақшасын, сондай-ақ 20-тармағының 1) және 5) тармақшаларын ҰҚК Төрағасы басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға жатқызған ҰҚК Сыртқы барлау қызметі бөлімшесінің әскери қызметшілеріне қатысты да қолданады.".