"Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 тамыздағы № 383 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 26 тамыздағы № 629 Жарлығымен.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 26.08.2024 № 629 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 21 тамыздағы № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 67, 952-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Ғылым жөніндегі жыл сайынғы ұлттық баяндаманы дайындау қағидаларында:

      3-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "7-1) Қазақстан Республикасы Президентінің Ұлттық баяндаманы мақұлдауының қорытындылары бойынша берілген ұсынымдарды іске асырудың толықтығын талдау, отандық ғылымды дамытудың түйінді бағыттары бойынша прогресті бағалау, форсайттық зерттеулердің нәтижелері (3 жылда 1 рет мерзімділікпен);".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. Тоқаев