Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 340 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 3 қаңтардағы № 429 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Президентінің 03.01.2024 № 429 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн қолданысқа енгізіледі) Жарлығымен.

      Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:

Мамин
Асқар Ұзақбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Комиссия төрағасы

Смайылов
Әлихан Асханұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Ерғалиев
Әсет Арманұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы

Исекешев
Әсет Өрентайұлы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы

Досаев
Ерболат Асқарбекұлы

-

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы

Скляр
Роман Васильевич

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Тоғжанов
Ералы Лұқпанұлы

-

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары

Есімов
Ахметжан Смағұлұлы

-

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Сүлейменов
Тимур Мұратұлы

-

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Әбілқасымова
Мәдина Ерасылқызы

-

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы

Аймағамбетов
Асхат Қанатұлы

-

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі

Атамқұлов
Бейбіт Бәкірұлы

-

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі

Цой Алексей Владимирович

-

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі

Дәленов
Руслан Ерболатұлы

-

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі

Жамаубаев
Ерұлан Кенжебекұлы

-

Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

Жұмағалиев
Асқар Қуанышұлы

-

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

Мырзағалиев
Мағзұм Маратұлы

-

Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі

Ноғаев
Нұрлан Асқарұлы

-

Қазақстан Республикасының Энергетика министрі

Нұрымбетов
Біржан Бидайбекұлы

-

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Омаров
Сапархан Кесікбайұлы

-

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі

Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы

-

Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі

Перепечина
Ольга Владимировна

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)

Сабильянов
Нұртай Салихұлы

-

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)

Жүрсінов
Рустам Манарбекұлы

-

Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)

Қайрат Нематұлы Келімбетов

-

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Төрағасы

Мырзахметов
Абылай Исабекұлы

-

"Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)

Дүйсенова Тамара Босымбекқызы

-

Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 08.07.2020 № 368; 17.11.2020 № 450 Жарлықтарымен.

      2. Комиссия жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев