Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы кен-металлургия саласы, қатты пайдалы қазбалар бойынша геолог

Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 30 сәуірдегі № 314 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 14 наурыздағы № 285 Жарлығында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 36, 477-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мұнай-газ кеңесінің құрамында:

      "Кеңес мүшелері:" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің экономиканың нақты секторын дамыту мәселелері жөніндегі көмекшісі";

      2) күші жойылды – ҚР Президентінің 03.03.2025 № 805 Жарлығымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 03.03.2025 № 805 Жарлығымен.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев