"Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 9 қаңтардағы № 822 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңес туралы ережені және оның құрамын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 160 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 80-81-82, 590-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген "Астана" халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің құрамына:

      доктор Бандар Мохаммед Хамза Хаджар (Dr. Bandar M. H. Hajjar) (келісім бойынша);

      Жули Монако (Julie Monaco) (келісім бойынша) енгізілсін.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев