Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкiметі актiлерiнiң жинағында жариялануға тиiс |
"Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Дипломаттық дәрежелердi беру тәртiбi туралы ережені бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 тамыздағы № 941 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 28, 309-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Дипломаттық дәрежелерді беру тәртібі туралы ережеде:
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"16. Дипломаттық дәрежелердi беру тиiстi куәлiктердi тапсырумен және қызмет тiзiмiндегi (еңбек кiтапшасындағы) жазбамен расталады. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесін беру кезінде куәлікпен бірге қосымшаға сәйкес нысандағы "Төтенше және Өкілетті Елші" төсбелгісі беріледі.";
осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
"Төтенше және Өкілетті Елші" төсбелгісі