Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізудің ережелерінде:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
1-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттің акциялары, жарғылық капиталдарындағы қатысу үлесі 50 проценттен асатын ұйымдар конкурсқа қатысуға жіберілмейді.";
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"2-тарау. Конкурсты өткізу тәртібі";
4 және 5-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Конкурстың ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы (бұдан әрі - ұйымдастырушылар) болып табылады.
5. Үміткерлер материалдарды осы ережелерге сәйкес ресімдейді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдарына қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады.";
8-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) жыл сайын 1 қазанға дейін - жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала жасаған қорытындыларын, конкурсқа қатысуға үміткерлердің өтінімдерін бір данада Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жіберуі;";
9-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) үміткерлердің өтінімдерін бағалау үшін құрамына облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың ұлттық кәсіпкерлер палатасының, кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіретін сараптамалық жұмыс тобын құрады;";
9-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын марапаттайды.";
11-3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"11-3. Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялар, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың комиссиялары сараптамалық жұмыс топтарының қорытындылары негізінде алдын ала қорытынды жасайды және конкурстың өңірлік кезеңінің жеңімпаздарын айқындайды.
Жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалар және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын, үміткерлердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне жібереді.";
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарағаннан кейін түпкілікті қорытынды жасап, оны үміткерлердің материалдарымен бірге Комиссияның қарауына ұсынады.";
13-тармақтың 3) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"3) "Үздік ұжымдық шарт".
Бұл номинацияда Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік құқықтарын едәуір жақсартатын және нығайтатын ұжымдық шарттар қаралады;
4) "Экологияға қосқан үлесі үшін".
Бұл номинацияда қоршаған ортаның, қалдықтарды кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жай-күйін жақсартуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шараларын және жобаларын іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.";
13-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Конкурста "Жылдың үздік әлеуметтік жобасы" арнайы сыйлығы бекітіледі.
Бұл арнайы сыйлықта бизнес іске асыратын, халықтың әлеуметтік осал және аз қамтылған топтарының жұмыспен қамтылуына және (немесе) тұрмыс жағдайларын жақсартуға ықпал ететін әлеуметтік жобалар қарастырылады.";
13-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Гран-при "Ірі кәсіпкерлік субъектісі" және "Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі" санаттарында беріледі.";
16-1 және 16-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"16-1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурстың өңірлік кезеңін өткізу процесін жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жария етуді және конкурстың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылатын үміткерлердің тізімін жариялауды қамтамасыз етеді.
16-2. Ұйымдастырушылар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары конкурс жеңімпаздарының үлгісінде әлеуметтік жауапкершіліктің үздік тәжірибесін таратуды ұйымдастырады.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсын өткізу ережелеріне қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:
1, 2 және 3-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
"1-тарау. Жалпы ережелер";
"2-тарау. Комиссияның міндеттері мен құқықтары";
"3-тарау. Комиссияның қызметін ұйымдастыру";
8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.";
8-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссиялардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астана комиссияларының алдын ала қорытындыларын қарау, түпкілікті қорытынды жасау, оны және үміткерлердің материалдарын Комиссияның қарауына ұсыну;";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссияның лауазымдық құрамында:
мына:
"Қазақстан Республикасының Энергетика министрі" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі".
2. Осы Жарлық 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсына қатысушының өтінімі
Тіркеу нөмірі __________
1. Заңды (жеке) тұлғаның атауы _______________________________________________
__________________________________________________________________________
БСН/ЖСН ________________________________________________________________
Тіркелген жері бойынша мекенжайы __________________________________________
Орналасқан жері бойынша мекенжайы _________________________________________
2. Ұйымның басшысы _______________________________________________________
(тегі, аты, бар болса, әкесінің аты)
ЖСН (шетелдік азамат үшін паспорт нөмірі) ____________________________________
3. Байланыс телефондары (телефондары, электрондық пошта мекенжайы және
факс нөмірі) _______________________________________________________________
4. Құжаттар мынадай номинацияға ұсынылады (астын сызыңыз):
"Үздік әлеуметтік жауапты кәсіпорын";
"Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын";
"Үздік ұжымдық шарт";
"Экологияға қосқан үлесі үшін".
5. Ірі, орта, шағын кәсіпкерлік субъектісі (астын сызыңыз)
6. Сала ____________________________________________________________________
7. Қызметкерлерінің саны ____________________________________________________
8. Заңды (жеке) тұлғаның қызметі туралы қысқаша сипаттама (немен айналысады)
__________________________________________________________________________
9. Заңды (жеке) тұлғаның алған наградалары ____________________________________
10. Өтінімге ____ парақта сауалнама және қосымшалар қоса берілген
11. Ұсынылған материалдар мен көрсеткіштер дұрыс
Қолы
Күні