1. “Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге де лауазымды адамдардың тізбесі:
мына:
Сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер министрлері | Президент |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы | Президент | Премьер-Министр |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |