Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 462 Жарлығына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 13, 87-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына енгізілсін:
Исекешев | - | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, төраға, |
Әбдірахымов | - | Шымкент қаласының әкімі, |
Қожахметов | - | "Қазақстанның Азаматтық альянсы" қоғамдық қорының президенті (келісім бойынша), |
Мырзахметов | - | Жамбыл облысының әкімі, |
Прокопенко | - | Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі, |
Смайылов | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, |
Сүлейменов | - | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі, |
Шөкеев | - | Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі; |
мына жолдар: | ||
"Әшімбаев | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы (келісім бойынша)", |
"Кәлетаев | - | Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)", |
"Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы | - | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі", |
"Түймебаев | - | Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі" |
тиісінше мынадай редакцияда жазылсын: | ||
"Әшімбаев | - | "Нұр Отан" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары (келісім бойынша)", |
"Кәлетаев | - | Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі, төрағаның орынбасары", |
"Сұлтанов | - | Астана қаласының әкімі", |
"Түймебаев | - | Түркістан облысының әкімі"; |
жоғарыда аталған комиссия құрамынан шығарылсын: А.А.Башмаков, М.Б.Бекетаев, С.В.Вишняк, Ә.Р.Жақсыбеков, Н.Б.Ермекбаев, Н.К.Ерімбетов, Н.Жүсіп, Е.З.Қажыбек, У.Қ.Қалижанов, З.И.Касанов, К.Н.Көкірекбаев, М.А.Құл-Мұхаммед, Д.Қ.Мыңбай, Н.М.Оразалин, Ш.А.Пулатов, С.В.Селиверстов, А.Ю.Тараков.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |