Павлодар облысының Качир, Лебяжі аудандарын қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 4 тамыздағы № 724 Жарлығы

  Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      "Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсан дағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Павлодар облысының кейбір аудандары:

      1) Качир ауданы – Тереңкөл ауданы;

      2) Лебяжі ауданы Аққулы ауданы болып қайта аталсын.

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ