"Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 11 қыркүйектегі № 540 Жарлығы.

  Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанынан Ұлттық инвесторлар кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 9 сәуірдегі № 791 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 191-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Ұлттық инвесторлар кеңесі туралы ережеде:

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Кеңестің жалпы отырыстары Кеңес төрағасының бастамасы бойынша өткізіледі.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев