"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 525 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      12-тармақта:

      47) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "47) ұлттық қауіпсіздік органдарының бірыңғай жүйесіне кіретін органдар мен өзге де ұйымдар іс-қимылын басқаруды, үйлестіруді жүзеге асырады және оның келісімділігін қамтамасыз етеді, олардың қызметінің тактикасын айқындайды, оларға практикалық және әдістемелік көмек көрсетеді;";

      мынадай мазмұндағы 64-20), 64-21), 64-22) және 64-23 тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-20) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзін дамытуды жүзеге асырады;

      64-21) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзінің жұмыс істеуі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;

      64-22) байланыс операторларының қауіпсіздік сертификатын қолдануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

      64-23) қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне бақылауды жүзеге асырады;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 51-3) және 51-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51-3) Қалааралық және халықаралық байланыс операторларының желілерін интернет-трафик алмасу нүктесіне жалғау қағидаларын бекітеді;

      51-4) Қауіпсіздік сертификатын беру және қолдану қағидаларын бекітеді;";

      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында тұрған ұйымдардың тізбесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қарамағында тұрған ұйымдардың тізбесі

      1. "Қазимпекс" республикалық орталығы" акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев