Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 21 маусымдағы № 502 Жарлығы.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті:

      1) ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президентi
Н.Назарбаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 21 маусымдағы
№ 502 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР

      1. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығына:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ережеде:

      11-тармақтың 3), 8-2) және 8-3) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қарсы барлау қызметін жүзеге асыру;";

      "8-2) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізу;

      8-3) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметі субъектілерінің тапсырмалары бойынша қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау;";

      12-тармақта:

      11) және 12) тармақшалар алып тасталсын;

      16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) заңнамамен белгіленген тәртіпте қарсы барлау және жедел-іздестіру қызметін, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді ұйымдастырады және тікелей жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "18-1) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көмек көрсетеді;";

      27-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27-2) құпия;";

      мынадай мазмұндағы 39-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "39-1) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына жұмысқа тартылатын шетелдіктерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектерде және тәртіппен міндетті арнайы тексеру жүргізуін ұйымдастырады;";

      51), 53-1), 64-1), 64-4) және 64-5) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "51) ұлттық қауіпсіздік органдарында архив ісін ұйымдастыру тәртібін белгілейді, осы мақсатта ақпараттық жүйелерді құрады және қолданады;";

      "53-1) ұлттық қауіпсіздік органдарында полиграфологиялық зерттеулердің жүргізілу және олардың нәтижелерін ақпараттық жүйеде есепке алу тәртібін айқындайды;";

      "64-1) құпия;";

      "64-4) құпия;";

      "64-5) құпия;";

      64-6) тармақша алып тасталсын;

      64-7), 64-8), 64-9) және 64-11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64-7) құпия;

      64-8) құпия;

      64-9) құпия;";

      "64-11) ұлттық қауіпсіздік органдары өткізетін қарсы барлау, жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу іс-қимылдарын техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастырады;";

      мынадай мазмұндағы 64-20), 64-21), 64-22) және 64-23) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64-20) ұлттық қауіпсіздік органдарында шифрды ашу жұмысын ұйымдастырады;

      64-21) ұлттық қауіпсіздік органдарының құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында техникалық регламенттерді әзірлейді, келіседі және бекітеді, сондай-ақ техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      64-22) қарсы барлау, жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын барлық органдар міндеттерді шешу мүддесінде байланыс желісін пайдаланумен байланысты қарсы барлау, арнайы жедел-іздестіру іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүзеге асырады;

      64-23) ұлттық қауіпсіздік органдарына пайдалану үшін Қазақстан Республикасының әскери басқару орталық атқарушы органы бөлген ридиожиілікті бөлуді және есепке алуды жүзеге асырады;";

      12-1-тармақ мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі;";

      13-тармақтың 1) және 26) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тергеп-тексерілуі заңнамамен ұлттық қауіпсіздік органдарының қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, алдын алу, жолын кесу және ашу мақсатында жалпы және арнайы жедел-іздестіру және қарсы барлау іс-шараларын, криминалистикалық, психологиялық-социологиялық және полиграфологиялық зерттеулер жүргізуге;";

      "26) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы белгілейтін тәртіпте зерттеу мен тексеру жүргізгеннен кейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің объектілеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарға жеке және заңды тұлғаларға рұқсат беруді жүзеге асыруға;";

      16-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "9-1) өзінің орынбасарларына, Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағынысты ұйымдарының басшылары мен лауазымды тұлғаларына өкілеттіктер береді;";

      26) тармақша алып тасталсын;

      33) және 39) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "33) Ұлттық қауіпсіздік комитеті кезекшілік қызметінің іс-қимылын ұйымдастырады, оның Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомстволарының, аумақтық және өзге де органдарының, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың кезекшілік қызметтерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;";

      "39) Ұлттық қауіпсіздік органдарында құжаттау және құжаттаманы басқару қағидаларын бекітеді;";

      41) және 44) тармақшалар алып тасталсын;

      53) тармақшаның тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "шет мемлекеттердің арнаулы қызметтері мен өзге шетел ұйымдарында, сондай-ақ қылмыстық топтарда тапсырмалар орындайтын қызметкерлер мен әскери қызметшілерге;";

      54), 56) және 58) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "54) Ұлттық қауіпсіздік органдарында арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерін техникалық пайдалануды ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";

      "56) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріне, әскери қызметшілеріне және жұмыскерлеріне қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге бару шығындарын өтеу қағидаларын бекітеді;";

      "58) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлерін ақшалай қамтамасыз ету және ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілеріне ақшалай үлесті, жәрдемақылар мен басқа да төлемдерді төлеу қағидаларын бекітеді;";

      60) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің қарауына жатқызылған қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша анықтауды ұйымдастыру нұсқаулығын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 68-1) және 68-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "68-1) құпия;

      68-2) құпия;";

      83), 90) және 92-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "83) құпия;";

      "90) құпия;";

      "92-1) құпия;";

      мынадай мазмұндағы 92-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "92-2) құпия;";

      95), 97) және 103) тармақшалар алып тасталсын;

      107), 108) және 117) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "107) құпия;

      108) құпия;";

      "117) құпия";

      122) тармақша алып тасталсын;

      123) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "123) құпия;";

      124-3) тармақша алып тасталсын;

      124-11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "124-11) құпия;";

      124-14), 125-7), 125-9) және 125-10) тармақшалар алып тасталсын;

      125-12), 125-15) және 125-20) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "125-12) Ұлттық қауіпсіздік органдарында шифрды ашу жұмысын ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;";

      "125-15) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекітеді;";

      "125-20) Ұлттық қауіпсіздік комитеті "А" арнаулы мақсаттағы қызметінің жеке құрамын, қару-жарағын, оқ-дәрілері мен арнайы техникасын тасымалдау үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әуе көлігін тарту қағидаларын бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 125-29), 125-30), 125-31), 125-32), 125-33), 125-34), 125-35), 125-36), 125-37), 125-38), 125-39), 125-40), 125-41), 125-42), 125-43), 125-44), 125-45), 125-46), 125-47) және 125-48) тармақшалармен толықтырылсын:

      "125-29) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында әскери қызметшілердің әкімшілік қамақты өтеу қағидаларын бекітеді;

      125-30) Ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін ілгерілетуде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға көмек көрсету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекітеді;

      125-31) Ұлттық қауіпсіздік органдарының қарамағындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмнен қорғалу паспорттарының даналарын есепке алу, сақтау және (немесе) жою қағидаларын бекітеді;

      125-32) құпия;

      125-33) құпия;

      125-34) құпия;

      125-35) Ұлттық қауіпсіздік органдары қызметкерлерінің, әскери қызметшілері мен жұмыскерлерінің туристік және жеке арналар арқылы шетелге шығу қағидаларын бекітеді;

      125-36) Ұлттық қауіпсіздік органдарында бронды қорғану құралдарын санаттау қағидаларын бекітеді;

      125-37) ұлттық қауіпсіздік органдарының кадрлық құрамын, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарына қызметке қабылданатын немесе жұмысқа тартылатын кандидаттарға арнайы тексеру жүргізудің тәртібі мен шарттарын белгілейді;

      125-38) Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының құзыретіне жататын мәселелер бойынша ұлттық қауіпсіздік органдарының жүйесінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдарын хабардар ету тәртібін белгілейді;

      125-39) Ұлттық қауіпсіздік органдарының мемлекеттік органдарға және ұйымдарға мемлекеттік құпияларды пайдаланумен байланысты қызметке рұқсат беру тәртібі туралы нұсқаулықты бекітеді;

      125-40) ақпаратты және техникалық құралдарды қорғау тиімділігінің нормаларын және олардың қорғалуын бағалау әдістемесін бекітеді;

      125-41) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл қағидаларын бекітеді;

      125-42) ұлттық қауіпсіздік органдарында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі қағидаларды бекітеді;

      125-43) ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметінде жасалатын құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімін белгілейді;

      125-44) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің десанттық-шабуылдаушы әскери бөлімдері мен бөлімшелерін қолдану қағидаларын бекітеді;

      125-45) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің бірлестіктерінде, құрамаларында, әскери бөлімдерінде, әскери оқу орнында және құрылымдық бөлімшелерінде қарумен және радиациялық, химиялық және бактериялық қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, оны пайдалану және сақтау қағидаларын бекітеді;

      125-46) Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің шекаралық корабльдерін, катерлерін және өзге жүзу құралдарын техникалық қамтамасыз етуді және жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекітеді;

      125-47) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскерлер қызметін ұйымдастыру және оған басшылық ету бойынша нұсқаулықты бекітеді;

      125-48) құпия;";

      "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі" бөлімінің "Ұлттық қауіпсіздік комитеті" кіші бөлімінің 1-жолы алып тасталсын.

      2. "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 10 желтоқсандағы № 282 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 54, 533-құжат):

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі туралы ережеде:

      13-тармақ мынадай мазмұндағы 26-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "26-1) шектес мемлекеттердің аумағынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы жаппай өтуден туындаған әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайларды анықтайды, олардың алдын алады және жолын кеседі;".

      3. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 22 қарашадағы № 372қ Жарлығына:

      Құпия.