"Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы № 409 Жарлығы

      "Қазақстан Республикасының Президенті туралы" 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңның 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің штат саны мен құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 533 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 52-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:

      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымы:

      "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары"

      2. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы осы Жарлықтан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев