"Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 мамырдағы № 261 Жарлығы


      Қазақстан Республикасы Президенті

      мен Үкімет актілерінің жинағында

      және республикалық баспасөзде

      жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 36-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі "Парыз" конкурсының лауреаттары атақтарын беру жөніндегі комиссия туралы ережеде:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Жұмыс органы конкурсты ұйымдастыру және өткізу жөніндегі тиісті жылға арналған іс-шаралар жоспарын жыл сайын айқындайды және бекітеді.".

      2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев