"Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 210 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 қазандағы № 470 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 43, 503-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі Республикалық комиссия туралы ережеде:
      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «2-1) «Болашақ» халықаралық стипендиясы шеңберінде шетелдік ұйымдарда тағылымдамадан өтуге конкурсқа қатысу үшін жұмыскерлердің санаттарын жыл сайын айқындау;».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н.Назарбаев