"Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 171 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      Қазақстан Республикасының

      Президенті мен Үкіметі актілерінің

      жинағында жариялануға тиіс

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі № 780 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 18, 155-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджет комиссиясы туралы ережеде:

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) республикалық және жергілікті бюджеттердің және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстарды тұжырымдау;";

      5-тармақта:

      1) тармақшаның бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерді қабылдау мүмкіндігі туралы ұсыныстарды;";

      2) тармақшада:

      алтыншы, жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "орталық мемлекеттік органдардың заттай нормаларды бекіту немесе өзгерту туралы ұсыныстары;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобалары және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның бюджеттік өтінімдер және бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындысы негізінде жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары;";

      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикалық немесе жергілікті бюджеттер және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры түсімдерінің қысқаруын немесе шығыстарының ұлғаюын көздейтін Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының, Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының, Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының, құрылымына ведомство кіретін мемлекеттік органның нормативтік құқықтық актілерінде оларды бекіту бойынша тікелей құзыреті болған кезде орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтарының жобалары;";

      он жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының, оның ішінде концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру;";

      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның қорытындысына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын, оның ішінде концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу жөніндегі қызметтерді қаржыландыру көлемі;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Комиссия қызметін ұйымдастыру тәртібін комиссияның жұмыс органы әзірлейді және айқындайды.";

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев