Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңы 14-бабының 2) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 11 қарашадағы № 3205 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 44) мынадай толықтырулар енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы туралы Ережеде:
15-тармақ мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) электрондық сайлау жүйесін сүйемелдеу, сайлауды әзірлеу мен өткізу саласындағы автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің жұмыс істеуі және ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді оған қатысты мемлекеттік басқаруды жүзеге асыратын «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алады;»;
мынадай мазмұндағы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының қарамағындағы ұйымдардың тізбесімен толықтырылсын:
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының
қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Инженерлік-техникалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны».».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Президенті Н.Назарбаев