"Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына өзг

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 157 Жарлығы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңдарына сәйкес, Үлкен Шаған, Көшім ауылдары халқының пікірін ескере отырып және Батыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде, Көшім ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов ауданы Көшім ауылдық округінің Үлкен Шаған, Көшім ауылдарының мынадай көшелері қайта аталсын:
      1) Үлкен Шаған ауылы бойынша:
      "Зеленая" көшесі – "Тәуелсіздік" көшесі;
      "Мирная" көшесі – "Бейбітшілік" көшесі;
      2) Көшім ауылы бойынша:
      "Школьная" көшесі – "Мектеп" көшесі.
      2. Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы (Д. Б. Асангалиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Көшім ауылдық округінің әкімі А. Дуйжанов