Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 16 қыркүйектегі № 871 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 39, 378-құжат; 2010 ж., № 38, 326-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті жасау және ұсыну ережесінде:
9-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламалар бөлінісіндегі республикалық бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы талдамалық есеп бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері мен бюджеттік бағдарламаларды топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарын ведомстволық сыныптау негізінде қалыптастырылады.";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ереженің 6-9-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес есепті қаржы жылындағы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей ұсынады.".
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н.Назарбаев |