"Қазақстан Республикасының қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 923 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 8 қыркүйектегі № 905 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысының әкімдігінің 01.02.2016 № 25 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 178 "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлерді айқындау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3958 тіркелген, 2014 жылғы 10 шілдеде "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:
      3-тармақтағы "әкімінің" деген сөздің алдына "бірінші" деген сөзбен толықтырылсын;
      көрсетілген қаулының "Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі критерийлердегі" қосымшасындағы 3 жол алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыс әкімі
А. Мұхамбетов