Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс |
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 22, 351-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
Жақсыбеков Қазақстан Республикасының
Әділбек Рыскелдіұлы Мемлекеттік хатшысы, төраға
енгізілсін;
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет және ақпарат министрі кіреді" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссия құрамына лауазымы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі, Білім және ғылым министрі, Мәдениет министрі кіреді";
көрсетілген комиссияның құрамынан К.Қ.Мәсімов шығарылсын.
2) Күші жойылды – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Президентінің 14.06.2022 № 927 Жарлығымен.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. Назарбаев |