"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 799 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат; № 71, 1025-құжат; 2013 ж., № 6, 120-құжат; № 16, 274-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.";
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Майлыбаев                    - Қазақстан Республикасы
Бағлан Асаубайұлы              Президенті Әкімшілігі Басшысының
                               орынбасары,

Шәженова                     - Қазақстан Республикасы Экономика
Дина Мэлсқызы                  және бюджеттік жоспарлау
                               министрлігінің жауапты хатшысы,
                               комиссияның хатшысы
енгізілсін;

"Мәсімов                     - Қазақстан Республикасы
Кәрім Қажымқанұлы              Президенті Әкімшілігінің
                               Басшысы, төраға",

"Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахметоллаұлы        Президенті Әкімшілігі Басшысының
                               орынбасары, төраға орынбасары",

"Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақыт Тұрлыханұлы              Министрінің орынбасары -
                               Қазақстан Республикасының Қаржы
                               министрі"

      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Мәсімов                     - Қазақстан Республикасының
Кәрім Қажымқанұлы              Премьер-Министрі, төраға",

"Әбдірахымов                 - Қазақстан Республикасы
Ғабидолла Рахметоллаұлы        Президенті Әкімшілігі Басшысының
                               орынбасары",

"Сұлтанов                    - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақыт Тұрлыханұлы              Министрінің орынбасары -
                               Қазақстан Республикасының Қаржы
                               министрі, төраға орынбасары";

      көрсетілген комиссияның құрамынан А.Т. Манасова шығарылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев