"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 және "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 қаңтардағы № 742 Жарлығы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Манасова                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Аяна Тоқтағанқызы           Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер
                            және талдау орталығының меңгерушісі,
                            комиссияның хатшысы енгізілсін;

      мына жолдар:

"Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Премьер
Ербол Тұрмаханұлы           Министрінің орынбасары, төраға
                            орынбасары",

"Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы           Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                            төраға орынбасары",

"Байбек                   - "Нұр Отан" Халықтық - демократиялық
Бауыржан Қыдырғалиұлы       партиясы Төрағасының бірінші орынбасары"

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

"Орынбаев                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Ербол Тұрмаханұлы           көмекшісі, төрағаның орынбасары",

"Сұлтанов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-
Бақыт Тұрлыханұлы           Министрінің орынбасары - Қазақстан
                            Республикасының Қаржы министрі",

"Байбек                   - "Нұр Отан" партиясы Төрағасының
Бауыржан Қыдырғалиұлы       бірінші орынбасары";

      көрсетілген комиссияның құрамынан А.Қ. Әбдімомынов, Б.Б. Жәмішев шығарылсын;
      2) "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия және облыстардың, астананың, республикалық маңызы бар қаланың кадр комиссиялары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 7 наурыздағы № 520 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 319-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның лауазымдық құрамында:
      "Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары" деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, әлеуметтік-экономикалық мәселелерге жетекшілік етуші".
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                            Н. Назарбаев