"ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 734 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 568 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 20.10.2017 № 568 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 436 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 80, 1179-құжат; 2013 ж. № 41, 605-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымшада:

      ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау мен оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:

      Орынбаев - Қазақстан Республикасы Президентінің

      Ербол Тұрмаханұлы көмекшісі,

      Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым

      Аслан Бәкенұлы министрі;

      мына жолдар:

      "Жәмішев - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі",

      Болат Бидахметұлы

      "Қаппаров - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны

      Нұрлан Жамбылұлы қорғау министрі",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Бақыт Тұрлыханұлы Басшысының орынбасары",

      тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жәмішев - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму

      Болат Бидахметұлы министрі",

      "Қаппаров - Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және

      Нұрлан Жамбылұлы су ресурстары министрі",

      "Сұлтанов - Қазақстан Республикасы Премьер-

      Бақыт Тұрлыханұлы Министрінің орынбасары - Қазақстан

      Республикасының Қаржы министрі, төрағаның

      орынбасары";

      көрсетілген құрамнан Қ.Н. Келімбетов, Б.Т. Жұмағұлов, Қ.А. Өскенбаев шығарылсын.

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н.Назарбаев