"Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 16 қыркүйектегі № 644 Жарлығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 5 мамырдағы № 681 Жарлығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 05.05.2018 № 681 Жарлығымен.

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мемлекеттік бағдарламалар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына ( Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 25-26, 185-құжат; 2011 ж., № 3-4, 39-құжат; 2012 ж., № 9, 171-құжат; № 47, 626-құжат; 2013 ж. № 11, 200-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік бағдарламалар тізбесі:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 7 және 8-жолдармен толықтырылсын:

      "

7.

Діни экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 тамызға дейін

2013-2017 жылдар

2013 жылғы 1 қыркүйекке дейін

8.

Құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы

2013 жылғы 1 шілдеге дейін

2014-2020 жылдар

2013 жылғы

1 тамызға дейін


      ".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Президенті

Н. Назарбаев