"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 557 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
      Президенті мен Үкіметі актілерінің
      жинағында жариялануға тиіс   

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 17-1-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы заңының 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына және 6-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ережесін және құрылымын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 50, 640-құжат; 2005 ж., № 39, 555-құжат; 2006 ж., № 35, 373-құжат; 2007 ж., № 42, 479-құжат; 2008 ж., № 3, 38-құжат; № 35, 364-құжат; 2009 ж., № 15, 106-құжат; № 55, 446-құжат; 2011 ж., № 29, 352-құжат; № 34, 408-құжат; № 52, 710-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы ережеде:
      17-тармақтың 79) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «79) қаржы орталығының қатысушылары-заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді (қайта тіркеуді) жүзеге асырады, қаржы орталығының қатысушысы-заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтамалар береді (Өңірлік қаржы орталығы туралы заңның 5-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы, 6-бабының 1) тармақшасы);».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н.Назарбаев