Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 528 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі
актілерінің жинағында жариялануға тиіс  

      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 2-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2013 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізсін.
      2. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан
Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
      3. Қоса беріліп отырған:
      1) Комиссия туралы ереже;
      2) Комиссия құрамы;
      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу қағидалары бекітілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті осы
Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                 Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің   
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 528 Жарлығымен 
БЕКІТІЛГЕН   

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясы туралы
ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) құқықтық мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
      2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін (бұдан әрі - әскери қызметшілер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларын және осы Ережені басшылыққа алады.

2. Комиссияның міндеттері

      3. Комиссияның міндеттері:
      1) мыналарды:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі (бұдан әрі - Шекара қызметі) директорының орынбасарларын; бас басқармаларының бастықтарын; Бас штабы бастығының орынбасарларын; бас басқармалары бастықтарының орынбасарларын; өңірлік басқармаларының бастықтарын; өңірлік басқармалары бастықтарының орынбасарларын; Шекара қызметі академиясының бастығын;
      басқарма бастықтарын (Бас штаб, бас басқармалар құрамындағы);
      басқарма бастықтарын (дербес);
      өңірлік басқармалар штабтары бастықтарының орынбасарларын;
      шекара жасақтарының бастықтарын;
      шекаралық бақылау жасақтарының бастықтарын;
      жеке бақылау-өткізу пункттерінің бастықтарын;
      жеке шекаралық комендатура комендантын;
      шекаралық корабльдер мен катерлер дивизиондарының командирлерін;
      1-авиациялық база командирін;
      1-авиациялық база командирінің орынбасарларын;
      730-жеке байланыс полкінің командирін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу;
      2) әскери қызметшілерді кезектен тыс аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру және үйлестіру болып табылады.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссияның:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша қажетті ақпаратты сұратуға;
      2) қажеттілігіне қарай Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарын, мамандарын және мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартуға;
      3) Комиссия отырыстарында Комиссияның құзыретіне жататын мәселелер бойынша аттестатталатын әскери қызметшілерді, сондай-ақ
мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін тыңдауға құқығы бар.

4. Комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Комиссия төрағасы:
      1) Комиссия қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
      2) Комиссия отырыстарын өткізу орны мен уақытын айқындайды;
      3) Комиссия отырыстарында төрағалық етеді;
      4) Комиссия мүшелеріне орындау үшін міндетті нұсқаулар береді.
      6. Комиссия мүшелері Комиссия отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысады және Комиссияның жұмыс кестесі бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.
      7. Комиссия хатшысы Комиссия отырыстарын өткізуді ұйымдастырады және дауыс беру құқығы жоқ.
      8. Егер Комиссия отырысына құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, ол заңды болып саналады.
       Комиссия шешімдері қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      9. Комиссия қабылдаған шешім Комиссия төрағасы қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      10. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің хатшылығы Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 528 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН    

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу жөніндегі жоғары аттестаттау комиссиясының
ҚҰРАМЫ

      Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі - Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, төраға
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі
      Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметінің директоры
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры
      Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) төрағасы
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары  - Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі
      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының сектор меңгерушісі, хатшы

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2013 жылғы 22 наурыздағы
№ 528 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін (бұдан әрі - әскери қызметшілер) кезектен тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін белгілейді.

2. Кезектен тыс аттестаттауды өткізуге дайындықты ұйымдастыру

      2. Кезектен тыс аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемдері:
      1) әскери қызметшілердің өздеріне жүктелген міндеттерді орындау қабілеті және олардың қызметтік іс-қимылының нәтижелері;
      2) теориялық білімдері мен практикалық дағдыларының деңгейі болып табылады.
      Аттестатталатын әскери қызметшілерді бағалаудың қосымша өлшемдерін ерекшеліктер мен оларға жүктелген міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - ҰҚК) Төрағасы белгілейді.
      3. Кезектен тыс аттестаттау бірқатар сатылы кезеңдерді:
      1) дайындық іс-шараларын жүргізуді;
      2) кәсіби жарамдылықты айқындауды:
      Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеуді (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жарғыларын, қызмет бағыты бойынша жауынгерлік және арнайы даярлықты регламенттейтін ҰҚК-нің нормативтік құқықтық актілерін қоса алғанда);
      жауынгерлік даярлық бойынша нормативтер тапсыруды (атыс, саптық, дене шынықтыру даярлығы, жаппай қырып-жоятын қарудан қорғану);
      3) психологиялық-әлеуметтанулық зерттеуді, оның ішінде
полиграфологиялық жабдықты пайдалана отырып*;
      4) бағалау өлшемдері мен аттестаттау кезеңдерін ескере отырып,
аттестаттау комиссиясы өткізетін әскери қызметшілермен әңгімелесуді (осы тармақтың 1)3) тармақшаларында көзделген кезеңдерді өткізу
қорытындылары бойынша әскери қызметшінің қанағаттанарлықсыз нәтижелері әңгімелесуге жібермеуге негіз болып табылмайды);
      5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
      4. ҰҚК Шекара қызметінің кадр бөлімшелері әскери қызметшілерге кезектен тыс аттестаттау өткізу мерзімдері туралы аттестаттау басталғанға дейін күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей хабарлайды.
      5. Кезектен тыс аттестаттауға жататын әскери қызметшінің басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оның қызметтік мінездемесін ресімдейді және аттестаттау комиссиясының отырысын өткізу күніне дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей оны тиісті кадр бөлімшесіне жібереді.

3. Аттестаттау комиссиясы

      6. Аттестаттау комиссиялары мыналарға бөлінеді:
      1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жоғары аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - Комиссия), оның ережесі мен құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
      2) төрағасы ҰҚК Төрағасының бірінші орынбасары болып табылатын ҰҚК орталық аттестаттау комиссиясы. ҰҚК орталық аттестаттау комиссиясының ережесі мен құрамын ҰҚК Төрағасы бекітеді;
      3) төрағасы ҰҚК Шекара қызметі директоры орынбасарларының бірі болып табылатын ҰҚК Шекара қызметінің аттестаттау комиссиясы. ҰҚК Шекара қызметі аттестаттау комиссиясының ережесі мен құрамын ҰҚК Төрағасының орынбасары — Шекара қызметінің директоры бекітеді;
      4) төрағалары ҰҚК Шекара қызметі директорының орынбасарлары болып табылатын ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармаларының аттестаттау комиссиялары. ҰҚК Шекара қызметі өңірлік басқармалары аттестаттау комиссияларының ережесі мен құрамын ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры бекітеді;
      5) төрағалары ҰҚК Шекара қызметі бас басқармаларының бастықтары, олардың орынбасарлары, басқарма бастықтары (дербес), өңірлік басқармалары бастықтарының орынбасарлары қатарынан анықталатын ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдерінің аттестаттау комиссиялары. ҰҚК Шекара қызметі әскери бөлімдері аттестаттау комиссияларының ережесі мен құрамын ҰҚК Төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры бекітеді.
      7. Аттестаттау комиссиясының құрамына:
      кемінде жеті мүше кіруі тиіс, оның біреуі төраға;
      дауыс беру құқығы жоқ хатшы болып табылады.
      Аттестаттау комиссиясының мүшелері оның жұмысына алмастыру құқығынсыз қатысады.
      8. Аттестаттау комиссияларының құрамына жоғары аттестаттау комиссиясында кезектен тыс аттестаттаудан өткен ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері, ҰҚК бөлімшелері мен органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ қажет болған кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарының өкілдері кіреді.
      9. Аттестаттау комиссиясының хатшысы оның отырыстарын өткізуді ұйымдастырады. Аттестаттау комиссиясының хатшысы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы жоғары аттестаттау комиссиясын қоспағанда кадр бөлімшесінің өкілі болып табылады.
      10. Аттестаттау комиссиясының мүшелері аттестаттауға жататын әскери қызметшілердің лауазымына тең және (немесе) жоғары лауазымда болуы тиіс.
      11. Аттестаттау комиссиясының шешімдері отырысқа қатысқан аттестаттау комиссиясы мүшелері жалпы санының қарапайым көпшілік дауыс беруімен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда аттестаттау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      12. Егер аттестаттау комиссиясының отырысына құрамының кемінде үштен екісі қатысқан болса, ол заңды болып саналады.

4. Аттестаттауды өткізу

      13. Әскери қызметшілерді кезектен тыс аттестаттау кезеңдерін өткізу кестелерін аттестаттау комиссияларының төрағалары бекітеді.
      14. Кәсіби жарамдылықты айқындау және психологиялық-әлеуметтанулық зерттеулерді өткізу ҰҚК Төрағасының бұйрығына сәйкес
жүзеге асырылады.
      15. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталатын әскери
қызметшімен әңгімелесу жүргізіледі. Аттестаттау комиссиясының отырысында дәлелді себептермен болмаған әскери қызметшілер қызметке шыққаннан кейін кезектен тыс аттестаттаудан өтеді.
      Аттестаттау комиссиясының отырысына дәлелсіз себептермен екі рет келмеген әскери қызметшілер «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Заң) белгіленген тәртіппен қызметтен шығаруға ұсынылады.
      16. Әңгімелесу қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:
      1) атқаратын лауазымына сай келеді және жоғары тұрған лауазымға
жылжытуға ұсынылады;
      2) атқаратын лауазымына сай келеді;
      3) атқаратын лауазымына сай келмейді және лауазымын төмендетуге ұсынылады;
      4) атқаратын лауазымына сай келмейді және ротациялауға ұсынылады;
      5) атқаратын лауазымына сай келмейді және қызметтен шығаруға ұсынылады.
      Кәсіби жарамдылықты анықтау бойынша нормативтерді тапсырмаған және тестілеу кезінде осы Қағидалардың 3-тармағы 2) тармақшасында көзделген шекті мәннен төмен баға алған жағдайда аттестаттау комиссиясы осы тармақтың 3)4) және 5) тармақшаларында көзделген шешімдердің бірін қабылдайды.
      17. Аттестаттау комиссиясының шешімі бес жұмыс күнінің ішінде хаттамамен ресімделеді, егер Комиссия туралы ережеде өзгеше белгіленбесе, аттестаттау комиссиясының төрағасы және оның отырысына қатысқан мүшелері қол қояды.
      18. Кадр бөлімшесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әскери қызметшінің аттестаттау парағына аттестаттау комиссиясының шешімін енгізеді.
      Әскери қызметшілердің аттестаттау парақтарын аттестаттау комиссияларының төрағалары бекітеді.
      Әскери қызметшілерді аттестаттау парағымен таныстыру ол бекітілген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірілмей жүзеге асырылады.
      19. Кезектен тыс аттестаттаудан өтпеген және (немесе) ҰҚК Шекара қызметінде өзге де лауазымдарда, оның ішінде төмен тұрған лауазымдарда әскери қызметін жалғастырудан бас тартқан әскери қызметшілер Заңда белгіленген тәртіппен қызметтен шығарылуға жатады.

5. Аттестаттау комиссиясының шешіміне шағымдану

      20. Комиссияның не тиісті аттестаттау комиссиясының шешіміне Заңда белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы    
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің келісімшарт бойынша
әскери қызметшілерін кезектен тыс
аттестаттаудан өткізу қағидаларына
1-ҚОСЫМША          

Кезектен тыс аттестаттауға жататын әскери қызметшіге берілетін қызметтік мінездеменің
ҮЛГІ НЫСАНЫ

      Әскери атағы___________________________________________________
      Т.А.Ә._________________________________________________________
      Лауазымы ______________________________________________________
      Тағайындалған күні_____________________________________________
      1. Соңғы аттестаттау нәтижелері және соңғы аттестаттау бойынша ұсынымдарды (аттестаттау комиссиясының жетілдіру және кемшіліктерді жою бойынша ұсынымдарын орындау) іске асыру.
      2. Лауазымдық міндеттерін орындауы (шешіміне әскери қызметші қатысқан негізгі мәселелердің тізбесі беріледі; қызметтік міндеттерін орындауының тиімділігі мен адалдығы, шығармашылық бастамашылығы бағаланады және т.б.).
      3. Мемлекеттік органның қызметі саласындағы стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімін қолдана білуі, сондай-ақ бұл қызметтік міндеттеріне кіретін болса, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды қолдануы (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі, кәсіби білімінің, коммуникациялық және ақпараттық технологияларды білу деңгейі, оларды жұмыста қолдануы сипатталады және т.б.).
      4. Заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексін, сондай-ақ қызметтік-әскери тәртіпті сақтауы (тәртіптік жазалары туралы, заңдылықты, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, ішкі қызмет тәртібін сақтауы туралы мәліметтер көрсетіледі және т.б.).
      5. Сеніп тапсырылған жауапты учаскедегі қызметтің нақты нәтижелері, ескертулерімен, анықталған кемшіліктерімен қоса соңғы инспекторлық, бақылау-ревизиялық тексеру нәтижелері.
      6. Жеке қасиеттері (тіл табысқыштығы, жеке құраммен және азаматтармен жұмыс істеу қабілеті, психологиялық орнықтылығы, өзін-өзі жетілдіру қабілеті, көшбасшылығы және т.б.).
      7. Әскери қызметші қызметінің қорытынды бағасы (тікелей басшысының әскери қызметшінің атқаратын лауазымына сай келуі не сай келмеуі туралы пікірі және әскери қызметшіні одан әрі пайдалану жөніндегі ұсынымдары не сеніп тапсырылған жұмыс учаскесінде қызметтік-жауынгерлік іс-қимылды жетілдіру жөніндегі ұсынымдары көрсетіледі).
      8. Өзге де мәліметтер (Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге тестілеудің, жауынгерлік даярлық бойынша нормативтер тапсырудың, сондай-ақ психологиялық-әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері).

      Басшының лауазымы
      әскери атағы, қолы, Т.А.Ә.

      Күні 2013 жылғы _______ ________

МО

Қазақстан Республикасы          
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің
келісімшарт бойынша әскери қызметшілерін 
кезектен тыс аттестаттаудан өткізу қағидаларына
2-ҚОСЫМША                

Құпия      
(толтырылуы бойынша)
№ ___ дана  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кезектен тыс аттестаттауға жататын әскери қызметшісі аттестаттау парағының
ҮЛГІ НЫСАНЫ

Әскери атағы


Тегі


Аты


Әкесінің аты (бар болса)


Әскери қызметшінің жеке нөмірі


Туған күні


Лауазымның штаттық атауы, тағайындалу күні


Ұлты


Білімі


Бітірген оқу орны


Білімі бойынша мамандығы


МҚК, ҰҚК оқу орындарындағы, ҚР ҚК және басқа мемлекеттердің әскери жоғары оқу орындарындағы даярлығы (қай оқуды және қашан бітірді)


Аттестаттау кезеңінде тәртіптік жазасының бар-жоғы (күні, атауы), теріс кылығының қысқаша мазмұны


Қызметтік мінездеме


Өзге де мәліметтер (Қазақстан Республикасының заңнамасын білуіне тестілеудің, жауынгерлік даярлық бойынша нормативтер тапсырудың, сондай-ақ психологиялық-әлеуметтанулық зерттеудің нәтижелері)


Аттестаттау комиссиясының шешімі


      Аттестаттау комиссиясының шешімін бекітемін:
      ______________________________________________       _________
                                                             (қолы)
      Аттестаттау комиссиясының хатшысы:_______________  ____________
                                                             (қолы)
      Аттестаттау өткізілген күн: 2013 жылғы ___________ ____________

      Аттестаттау парағымен таныстым: _______________________________
                                      (аттестатталушының қолы, күні)

      МО