Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 4 ақпандағы № 1287 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 5, 67-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдігі туралы ережеде:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Өкілдік негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін:
1) қазақстандық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың (бұдан әрі - мемлекеттік ұйымдар) өкілдіктері (өкілдері) мен филиалдарының, және олардың қызметкерлерінің орналасқан мемлекетіндегі қызметін үйлестіруге;
2) орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардан толық ақпарат беруді және Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қозғайтын қызметті келісуді талап етуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі
орналасқан мемлекетіндегі Қазақстан Республикасының бас консулдықтарының, консулдықтарының, вице-консулдықтарының, консулдық агенттіктерінің, құрметті консулдықтарының және өзі аккредиттелген мемлекеттерде ашылған Қазақстан Республикасының дипломатиялық миссияларының қызметіне басшылықты, сондай-ақ орналасқан мемлекетіндегі мемлекеттік ұйымдардың қызметін үйлестіруді және олардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік ұйымдардың басшылары:
1) өзінің қызметін өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен келісуге, өкілдіктің басшысына оның өкілеттіктерін жүзеге асыруда жәрдем көрсетуге, өзінің қызметі туралы оған ақпарат беруге міндетті;
2) өкілдіктің немесе консулдық мекеменің басшысымен жұмыс
жоспарларын келіседі, сондай-ақ өкілдіктің немесе консулдық мекеменің
басшысымен келісілген мерзімдерде олардың орындалуы туралы есептер
береді.».
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев