"Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық наградалары туралы" Қазақстан Респу

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2013 жылғы 19 ақпандағы № 505 Жарлығы

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 21.11.2014 N 309 қаулысымен.
 
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Жарма ауданының әкімдігінің "Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 29 маусымдағы № 153 қаулысына келесідей өзгеріс енгізілсін:
      3 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда мазмұндалсын:
      "1) мүгедек балаларға әлеуметтік көмек (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;".
      Осы қаулының орындалуын бақылау Жарма ауданының әкімінің орынбасары С.М. Брынзовқа жүктелсін.
      Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудан әкімі

Т.Ж. Қасымжанов