"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 18 ақпандағы № 503 Жарлығы

Қазақстан Республикасының    
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс   

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:

Әбдірахымов               - Қазақстан Республикасы Президенті
Ғабидолла Рахметоллаұлы     Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға
                            орынбасары,

Сұлтанов                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Бақыт Тұрлыханұлы           Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға
                            орынбасары
енгізілсін;
      мына:
«Байбек                   - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Қыдырғалиұлы       Әкімшілігі Басшысының орынбасары, төраға
                            орынбасары»,

«Досаев                   - Қазақстан Республикасының Экономикалық
Ерболат Асқарбекұлы         даму және сауда министрі»
      деген жолдар тиісінше мынадай редакцияда жазылсын:
«Байбек                   - «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық
Бауыржан Қыдырғалиұлы       партиясы Төрағасының бірінші орынбасары»,

«Досаев                   - Қазақстан Республикасының Экономика және
Ерболат Асқарбекұлы         бюджеттік жоспарлау министрі».
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев