"Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 13 қарашадағы № 428 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  

      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының қызметін жетілдіру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 18 тамыздағы № 1167 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 33, 323-құжат; 2004 ж., № 12, 150-құжат; 2006 ж., № 32, 340-құжат; 2011 ж., № 3-4, 38-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының құрылымы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2012 жылғы 13 қарашадағы
№ 428 Жарлығына    
ҚОСЫМША        

Қазақстан Республикасы 
Президентінің    
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1167 Жарлығымен  
БЕКІТІЛГЕН     

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
ҚҰРЫЛЫМЫ

      Басшылық
      Ішкі бақылау бөлімі
      Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі
      Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім
      Қаржы-экономикалық бөлім
      Күрделі құрылыс бөлімі
      Заң бөлімі
      Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
      Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі
      Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
      Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы