Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы "Орталық коммуникациялар қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесін құру және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 5 қазандағы № 403 Жарлығы. 1-тармақты қоспағанда, күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 маусымдағы № 272 Жарлығымен

      «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 43-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік хайуанаттар бақтарының жануарлармен импорттық және экспорттық операциялар жасауды және оларды басқа да зоологиялық салалы мекемелермен ауыстыруды іске асырудың тәртібін бекітемін Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрінің 1998 жылғы 10 наурыздағы (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 511 тіркелген) бұйрығының күші жойылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) осы бұйрықтың көшірмесін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын.
      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков