Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 395 Жарлығы

Қазақстан Республикасының   
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс  
(үзінді)            

      ҚАУЛЫ ETEMIH:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы 
Президентінің     
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 395 Жарлығымен   
БЕКІТІЛГЕН      

Қазақстан Республикасы Президентінің
кейбір жарлықтарына енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 829 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 41, 426-құжат; 2007 ж., № 24, 268-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; № 42, 465-құжат; 2011 ж., № 50, 664-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның құрамына:
      Мәсімов             - Қазақстан Республикасы Президенті
      Кәрім Қажымқанұлы     Әкімшілігінің Басшысы, Комиссия төрағасы
енгізілсін;
      көрсетілген комиссияның құрамынан С.А. Дьяченко шығарылсын.
      2. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін
жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы
Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы № 273 Жарлығына (Қазақстан
Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 1, 5-құжат; 2008 ж., № 2, 22-құжат; 2009 ж., № 35, 330-құжат; 2010 ж., № 7, 94-құжат; № 24, 173-құжат; № 38, 327-құжат; 2012 ж., № 10, 189-құжат; № 36, 476-құжат):
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының басшылығымен осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес құрамда әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын.»;
      жоғарыда аталған Жарлықпен құрылған әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы өзгерістерге қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      3. Күші жойылды - ҚР Президентінің 08.02.2016 № 191 Жарлығымен.

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 395 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
кейбір жарлықтарына   
енгізілетін езгерістерге
ҚОСЫМША          

Қазақстан Республикасы  
Президентінің      
2007 жылғы 13 қаңтардағы 
№ 273 Жарлығына     
ҚОСЫМША         

Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның
ҚҰРАМЫ

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Кәрім Қажымқанұлы         Әкімшілігінің Басшысы, төраға

Байбек                  - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Қыдырғалиұлы     Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                          төраға орынбасары

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төраға орынбасары

Сыздықов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Эльдар Мақсұтұлы          Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және
                          талдау орталығының меңгерушісі, хатшы

комиссия мүшелері:

Байменов                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Әлихан Мұхамедияұлы       қызмет icтepi агенттігінің төрағасы

Донақов                 - Қазақстан Республикасы Президентінің
Талғат Советбекұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары

Досаев                  - Қазақстан Республикасының
Ерболат Асқарбекұлы       Экономикалық даму және сауда министрі

Жәмiшев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Имашев                  - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Бepiк Мәжитұлы