Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентінің 12.02.2019 № 838 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 20 наурыздағы № 88 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 32, 339-құжат; 2003 ж., № 40, 417-құжат; 2006 ж., № 23, 229-құжат; 2008 ж., № 20, 182-құжат; 2009 ж., № 3-4, 7-құжат; 2010 ж., № 2, 12-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі туралы ережеде:
8-тармақтың бірінші бөлігінде "Сенатының Төрағасы" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасы "Сырбар" Сыртқы барлау қызметінің директоры, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Президенті | Н. Назарбаев |