Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 26 қаңтардағы № 919 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Үкіметі актілерінің жинағында
жариялануға тиіс      

      «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 20-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 4 мамырдағы № 111 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 16, 151-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған Жарлықпен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:
      «Бағдарламаның паспорты» деген бөлімде:
      «Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген кіші бөлімде:
      бірінші абзацтағы «523,2» деген цифрлар «547,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      екінші абзацтағы кесте және ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«


Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Кәсіпорындар, ұйымдар және концессионерлер қаражаты

ЖИЫНЫ

2006

62,5*

6,9

-

69,4

2007

79,3

7,7

-

87,0

2008

100,9

4,1

0,01

105,01

2009

140,4*

5,0

1,8

147,2

2010

101,3*

2,7

0,54

104,54

Жиыны

514,1**

31,1**

2,35

547,55**

      *Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2006-2007 жылдардағы кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге), Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2008-2010 жылдардағы кредит қаражаты - 25,0 млрд. теңге) шеңберінде қала бюджеті тұрғын үй құрылысына алатын кредиттерді есепке алмағанда;
      **Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасында 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджетке - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджетке - 4,7 млрд. теңге.»;
      «Күтілетін нәтижелер» деген кіші бөлімде:
      бесінші абзац алып тасталсын;
      алтыншы абзацтағы «2,8», «3,6», «1,3», деген цифрлар тиісінше «2,2», «2,2», «2,0», деген цифрлармен ауыстырылсын;
      оныншы абзацтағы «71,8» деген цифрлар «74,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі» деген 3-бөлімде:
      «Әлеуметтік саланы дамыту» деген 3.1-кіші бөлімде:
      «Білім беру» деген 3.1.4-тарау мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:
      «білім беру жүйесі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру.»;
      «Индустриялық-инновациялық саясат және энергетикалық кешенді дамыту» деген 3.2-кіші бөлімде:
      «Өнеркәсіп» деген 3.2.1-тараудың екінші бөлігінде:
      бесінші абзац «құру» деген сөзден кейін «мен дамыту» деген сөздермен толықтырылсын;
      «Кәсіпкерлікті дамыту» деген 3.2.2-тараудың екінші бөлімі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «шағын өнеркәсіп кәсіпорындарын кадрлармен қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік техникалық білім беру жүйесін дамыту.»;
      «Электр энергетикасы» деген 3.2.3-тараудың екінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерінің негізінде ірі электр энергетикасы объектілерін салу мәселесін пысықтау;
      электр энергиясының шығындарын барынша азайту мақсатында ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу.»;
      «Жылумен жабдықтау» деген 3.2.4-тараудың үшінші бөлігі мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      «жылу энергиясының шығындарын барынша азайту мақсатында ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу.»;
      «Инвестициялық ахуалды жақсарту» деген 3.8-кіші бөлімде:
      үшінші бөлікте:
      үшінші абзацта «салу,» деген сөз «, «Шығыс» ШС салу және жергілікті бюджет қаражаты есебінен екі жаңа 110/10 кВ болатын «Киров 2», «Сарыбұлақ» ШС салуға арналған жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;» деген сөздермен ауыстырылсын;
      «қаланың сол жақ жағалауында іске қосылатын жылу магистралінің құрылысының төртінші тармағын салу;», «теннис кортының аумағында инженерлік желілерді,» деген сөздер алып тасталсын;
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2006-2010 жылдары жылу электр энергетикасы саласындағы қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 91,5 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 41,6 млрд. теңге; II кезең - 49,9 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 89,5 млрд. теңге (I кезең - 40,2 млрд. теңге, II кезең - 49,3 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттен - 2,0 млрд. теңге (I кезең - 1,4 млрд. теңге; II кезең - 0,6 млрд. теңге).»;
      төртінші бөлікте:
      төртінші абзацтағы «128,9», «80,5», «128,8», «80,5» деген цифрлар тиісінше «105,0», «56,6», «104,9», «56,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші бөлікте:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қала ішінде 12 көлік құрылысын, оның ішінде 5 көпір; 1 өтпежол; 6 көлік айырымын салу көзделіп отыр.»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2006-2010 жылдар кезеңінде қаланың көлік жүйесін дамытуға қажетті инвестициялардың жалпы көлемі 95,9 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 56,2 млрд. теңге; II кезең - 39,7 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 88,0 млрд. теңге (I кезең - 51,2 млрд. теңге, II кезең - 36,8 млрд. теңге) және жергілікті бюджеттен - 7,4 млрд. теңге (I кезең - 5,0 млрд. теңге; II кезең - 2,4 млрд. теңге), концессионерлердің қаражаты есебінен - 0,5 млрд. теңге (II кезең).»;
      алтыншы бөлікте:
      бірінші абзацтағы:
      «8» деген цифр «11» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «600 орындық 1 мектепке жапсарлас құрылыс;» деген сөздер алып тасталсын;
      екінші абзацтағы:
      «5» деген цифр «14» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «әзірлеу» деген сөзден кейін мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      «, кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен 300 орынға арналған кәсіптік лицейдің құрылысын жалғастыру»;
      үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қаланың білім беру жүйесіне салынатын инвестициялар көлемі 2006 - 2010 жылдары 26,1 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 11,4 млрд. теңге; II кезең - 14,7 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 18,8 млрд. теңге (I кезең - 6,8 млрд. теңге; II кезең - 12,0 млрд. теңге) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен 5,5 млрд. теңге (I кезең - 4,6 млрд. теңге; II кезең - 0,9 млрд. теңге), кәсіпорындар мен ұйымдар қаражаты есебінен - 1,77 млрд. теңге (II кезең).
      Республикалық бюджет қаражаты есебінен денсаулық сақтау саласында 2006-2010 жылдары: қалалық жұқпалы аурулар ауруханасын; 250 адам қабылдайтын әйелдер консультациясы бар, жаңа туған нәрестелерді екінші кезеңде күтіп-бағу бөлімшесі бар 150 төсек-орындық перзентхананы; қан орталығын; 250 төсек-орындық балаларға арналған жұқпалы аурулар ауруханасын; әр ауысымда 250 адам қабылдайтын консультативтік-диагностикалық емханасы бар 350 төсек-орындық көп бейінді қалалық балалар ауруханасын; қуаты 500 адам қабылдайтын екі амбулаториялық-емханалық кешен (бір ауысымда 350 адам қабылдайтын үлкендерге арналған, 150 адам қабылдайтын балаларға арналған), 360 төсек-орындық көпбейінді стационарды салу; Астана қаласында № 12 көше мен Абылай хан даңғылының қиылысы ауданында 500 орынға арналған көпбейінді стационар салу; Астана қаласында бір ауысымда 380 адам қабылдайтын емханасы бар 270 төсек-орындық онкологиялық диспансер салу жүзеге асырылатын болады.»;
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2006-2010 жылдары қаланың денсаулық сақтау саласын дамытуға инвестициялар көлемі 35,6 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 6,6 млрд. теңге; II кезең - 29,0 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 33,5 млрд. теңге (I кезең - 4,7 млрд. теңге; II кезең - 28,8 млрд. теңге) және жергілікті бюджет есебінен 2,1 млрд. теңге (I кезең - 1,9 млрд. теңге; II кезең - 0,2 млрд. теңге).»;
      жетінші абзац «аяқтау» деген сөзден кейін мынадай сөздермен толықтырылсын:
      «, сырғанақ тебетін мұз айдынын жапсарлас сала отырып, «Қазақстан» спорт сарайын қайта жаңарту; Астана қаласында теннис кешенін салу; № 10, 16, 20, 22, 24, 30, 36, 41 жалпы білім беру мектептеріне спорт алаңдарын салу»;
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2006-2010 жылдары спортты дамытуға инвестициялар көлемі 30,9 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 16,0 млрд. теңге; II кезең - 14,9 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен 30,8 млрд. теңге (I кезең - 16,0 млрд. теңге; II кезең - 14,8 млрд. теңге)  және жергілікті бюджеттен - 0,1 млрд. теңге (II кезең).»;
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен мәдениетті дамыту мақсатында Конгресс-холл, «Шабыт» шығармашылық сарайы, Астана қаласындағы Бас алаңда монумент, тутұғыр, 3500 орындық әмбебап киноконцерт залы салынады, қала тұрғындары үшін Қоянды өзенінің су қоймасында қысқа мерзімді демалу аймағы жасалады. Бейбітшілік және келісім сарайының құрылысын аяқтау жоспарлануда.»;
      оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «2006-2010 жылдарда мәдениетті дамытуға инвестициялардың көлемі 32,9 млрд. теңгені құрайды (I кезең - 15,6 млрд. теңге; II кезең - 17,3 млрд. теңге), оның ішінде республикалық бюджет қаражаты есебінен - 31,7 млрд. теңге (I кезең - 14,6 млрд. теңге; II кезең - 17,1 млрд. теңге) және жергілікті бюджет қаражаты есебінен — 1,2 млрд. теңге (I кезең - 1,0 млрд. теңге; II кезең - 0,2 млрд. теңге).»;
      жетінші бөлікте:
      екінші абзацта «19,4», «13,9», «17,7», «1,7» деген цифрлар тиісінше «7,5», «2,0», «5,5», «2,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «12,2» деген цифрлар алып тасталсын;
      сегізінші бөлікте:
      бірінші абзац «абаттандыруды» деген сөзден кейін «, Астана қаласында жоспарлы А, Б ауданының, Слободканың, Кенесары - Есіл өзені - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің, Жангелдин - Кенесары - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің, Бөгенбай - Жангелдин - Күмісбеков - Сарыарқа көшесінің инженерлік желілері мен жолдарын, № 19 жоспарлы ауданының инженерлік желілерін (жылумен жабдықтау), Астана қаласында «Слободка» ауданынан қолданыстағы ф. 2000 мм қиылысына дейін (Қорғалжын тас жолы) кәріздік коллектор салуды және КСС-43-тен КТС-на дейін қолданыстағы коллекторды қайта жайластыруды» деген сөздермен толықтырылсын;
      екінші абзац «абаттандыру» деген сөзден кейін «, жасыл екпелерді қайта жаңарту, Садоводческая көшесі бойында құбырлы дренаж салу» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта «71,1», «13,4», «64,2», «10,8», «6,9», «2,6» деген цифрлар тиісінше «75,6», «17,9», «70,2», «16,8», «5,4», «1,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      тоғызыншы бөлікте:
      бірінші абзац «абаттандыру» деген сөзден кейін «, ЖЭО-2 № 1 күл үйіндісінің пысықталған картасын қайта өңдеу (№ 2 ұяшық, ішінара)» деген сөздермен толықтырылсын;
      үшінші абзацта «2,07», «1,76», «2,0», «1,7» деген цифрлар тиісінше «0,47», «0,16», «0,4», «0,1» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      оныншы бөлікте:
      екінші абзацта «2,0» деген цифрлар «11,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Қоршаған ортаның жағдайын жақсарту» деген 3.10-кіші бөлімде:
      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын:
      «жаңартылатын ресурстар мен энергияның балама көздерін пайдалану;»;
      «Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері» деген 4-тараудың екінші бөлігінде:
      «523,2», «495,5», «27,6», «0,07» деген цифрлар тиісінше «547,6», «514,1», «31,1», «2,35» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      кесте және оған ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:
«


Республикалық бюджет

Жергілікті бюджет

Кәсіпорындар, ұйымдар және концессионерлер қаражаты

ЖИЫНЫ

2006

62,5*

6,9

-

69,4

2007

79,3

7,7

-

87,0

2008

100,9

4,1

0,01

105,01

2009

140,4*

5,0

1,8

147,2

2010

101,3*

2,7

0,54

104,54

Жиыны

514,1**

31,1**

2,35

547,55**

      *Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2006-2007 жылдардағы кредит қаражаты - 5,07 млрд. теңге), Қазақстан Республикасында тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (2008-2010 жылдардағы кредит қаражаты - 25,0 млрд. теңге) шеңберінде қала бюджеті тұрғын үй құрылысына алатын кредиттерді есепке алмағанда;
      **Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 — 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жылдар бойынша қаржыландыруға 34,4 млрд. теңге сомасындағы 2006 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің нақтылануы қосылды, оның ішінде: республикалық бюджетке - 29,7 млрд. теңге; жергілікті бюджетке -4,7 млрд. теңге;
      электр және жылу энергетикасына - 91,5 млрд. теңге;
      сумен жабдықтауға және су бұруға - 105,0 млрд. теңге;
      көлік жүйесін дамытуға - 95,9 млрд. теңге;
      білім беру жүйесіне - 26,1 млрд. теңге;
      денсаулық сақтауды дамытуға - 35,6 млрд. теңге;
      мәдениет пен спортты дамытуға - 63,8 млрд. теңге;
      тұрғын үй құрылысына - 7,5 млрд. теңге;
      абаттандыруға - 75,6 млрд. теңге;
      қоршаған ортаны қорғауға - 0,47 млрд. теңге;
      индустриялық парк салуға - 11,6.».
      «Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер» деген 5-тарауда:
      екінші бөлікте:
      төртінші абзацта «2,8» «3,6», «1,3» деген цифрлар тиісінше «2,2», «2,2», «2,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      бесінші абзацта «18,8», «24» деген цифрлар тиісінше «6,0», «4,0» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «12 құрылыс, оның ішінде 5 көпір, 1 өтпежол және 6 көлік айырымын салу;»;
      отыз үшінші абзацта «71,8» деген цифрлар тиісінше «74,6» деген цифрлармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласын дамытудың 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың жоспарланатын көрсеткіштері» деген 7-кесте мынадай редакцияда жазылсын:
«


2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.*

2010 ж.*

Өнеркәсіп өнімінің өсім қарқыны, %

18,8

19,2

19,3

-7,2

3,8

Экономикалық белсенді халық қатарынан шағын бизнесте жұмыспен қамтылғандардың үлес салмағы, %

18,2

20,2

22,1

26,3

29,1

Тұрғын үйді пайдалануға беру, мың шаршы метр

530

662,5

462,1

1259,6

1300,0

Сыртқы сауда айналымы, млн. доллар:

3060

3720

4460

5102,3

6307,0

экспорт (млн. долл.)

1710

2000

2300

2850,5

3500,0

импорт (млн. долл.)

1350

1720

2160

2251,8

2807,0

Жұмыссыздық деңгейі, %

7,6

6,9

6,9

6,9

6,9

Кірістер (ресми трансферттерді есепке алмағанда), млрд. теңге

41,0

45,9

47,1

70,6

67,4

* болжамды есептік мәліметтер.».
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына тиісті өзгерістер енгізсін.
      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев