Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 1095 Жарлығының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 22 қарашадағы № 1105 Жарлығы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2012.12.18 № 464 (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.

      Тұрғын үй құрылысы жинақ банкі мен оның салымшылары - Қазақстан Республикасының азаматтарының арасында жасалған тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша мемлекет сыйлығын есепке алу мерзімін нақтылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша
мемлекет сыйлығын төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 274 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3772 нөмірлі болып тіркелген. Заң газетінде 2004 жылғы 7 қазанда № 185-186 (919-920) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекет сыйлығын төлеу ережесінде:.
      13-тармақтағы «бес» деген сөз «он» деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз алу және кредит беру департаменті (Қ.Б. Ақжанов) белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев