Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 3 тамыздағы N 854 Жарлығы

Қазақстан Республикасы Президенті
мен Yкіметі актiлерiнiң жинағында
жариялануға тиiс        

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 қаңтардағы N 273 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 5-құжат; 2008 ж., N 2, 22-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлыққа қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                         Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2009 жылғы 3 тамыздағы
N 854 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Қазақстан Республикасы
Президентінің  
2007 жылғы 13 қаңтардағы
N 273 Жарлығына  
ҚОСЫМША      

Әкімшілік реформа жүргізу жөніндегі
ведомствоаралық комиссия

Мәсімов                 - Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі,
Кәрім Қажымқанұлы         төраға

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

Ахметов                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Серік Нығметұлы           орынбасары, төрағаның орынбасары

Орынбаев                - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Ербол Тұрмаханұлы         орынбасары, төрағаның орынбасары

Шәженова                - Қазақстан Республикасы Экономика және
Дина Мэлсқызы             бюджеттік жоспарлау министрлігінің жауапты
                          хатшысы, хатшы

Комиссия мүшелері:

Әбдіқалықова            - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Гүлшара Наушақызы         халықты әлеуметтік қорғау министрі

Әбдірахымов             - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
Ғабидолла Рахметоллаұлы   Кеңсесінің Басшысы

Бишімбаев               - Қазақстан Республикасы Президентінің
Қуандық Уәлиханұлы        көмекшісі (келісім бойынша)

Донақов                 - Қазақстан Республикасы Президенті
Талғат Советбекұлы        Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Досқалиев               - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау
Жақсылық Ақмырзаұлы       министрі

Есекеев                 - Қазақстан Республикасының Ақпараттандыру
Қуанышбек Бақытбекұлы     және байланыс агенттігінің төрағасы

Жәмішев                 - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
Болат Бидахметұлы

Исекешев                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Әсет Өрентайұлы           сауда министрі

Күрішбаев               - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Ақылбек Қажығұлұлы        министрі

Мыңбаев                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Сауат Мұхаметбайұлы       минералдық ресурстар министрі

Орсариев                - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
Арын Амангелдіұлы         қызмет істері агенттігі төрағасының
                          міндетін атқарушы (келісім бойынша)

Өксікбаев               - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
Омархан Нұртайұлы         жөніндегі есеп комитетінің төрағасы
                          (келісім бойынша)

Сұлтанов                - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы         бюджеттік жоспарлау министрі

Тасмағамбетов           - Астана қаласының әкімі
Иманғали Нұрғалиұлы

Түймебаев               - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым
Жансейіт Қансейітұлы      министрі

Түсіпбеков              - Қазақстан Республикасының Әділет министрі
Рашид Төлеутайұлы